Шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 ақпаннан бастап елден шығатын азаматтарға жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтарына 30 тәулікте 1 рет шекара бақылау-өткізу пункттері арқылы кез келген мақсатпен шетелге өтуге рұқсат етілді. Күндер есебі азамат Қазақстанға оралған күннен басталады.

Бұл ереже емделуге, жерлеуге, отбасының ауыр науқас мүшелері күтіміне, оқуға, қызмет бабымен шығатындарға, басқа мемлекетте тұрақты тұратындарға және басқа шығу мақсатпен шекара бақыла-өткізу пункттері арқылы өтетін қазақстандықтарға қолданылмайды. Бұл санаттағы адамдар 30 күндік шектеуді сақтамай, елден шыға алады. Шетелге емделуге шығатын Қазақстандықтарда Қазақстанның медициналық мекемелері берген 026/у анықтамасы болуы қажет.

Шекара қызметі өкілдері Қазақстан азаматтары әуе қатынасы арқылы шекарадан шектеусіз өте алатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Германия, Нидерланды, Түркия, біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Оңтүстік Корея, Мальдив, Шри-Ланкаға тікелей әуе қатынасы қалпына келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар, сондай-ақ Қазақстанға отбасы мүшелерімен кездесу мақсатында келетін шетелдіктер үшін шекараны кесіп өту жиілігі 90-нан 30 тәулікке дейін қысқарды. Күндер есебі шетелдік азаматтың Қазақстаннан шыққан уақытынан басталады.

Сондай-ақ, жаңа қағидаға сәйкес "С10", "В8" санатындағы Қазақстан визасы немесе қазақ ұлтына тиесілігі белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, туу туралы куәлік және нотариалды куәландырылған аудармасы бар) болған кезде этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстанға кіруге рұқсат етіледі. Бірақ ол 30 күнде 1 реттен аспауы қажет.

Шекарадан өту мәселелері бойынша қазақстандықтар 8 (7172) 719 111 анықтама қызметі нөміріне хабарласуына немесе шекара қызметінің Instagram-парақшасына хабарлама жіберуіне болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro