29 наурыз 2018 | 14:54

Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желіде шен үшін ішкен әйелдердің видеосына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде шен үшін ішкен әйелдердің видеосына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап берді. 

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы азаматтардың ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні анықталды. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңына сәйкес олар жауапкершілікке тартылды. Майор А,, капитан И. және аға лейтенант Р.-ға қатаң сөгіс жарияланды", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің жауабында. 

Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің тәртіптік этика мен мемлекеттік қызметкердің нормасына теріс қылық көрсеткені үшін оларға тәртіпті жазаның ең қатаң түрі қолданылды. Сонымен қатар, мұндай жағдайдың бірінші рет болып тұрғанын айта кету керек. ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметкердің қарым-қатынасы мен мәдени қалыптасуы үшін және әскери қызметкерлер арасында тәртіпсіздіктің алдын алуға әрдайым профилактикалық шаралар жүргізіліп тұрады. 

Еске салайық, таяуда шен үшін ішкен әйелдердің видеосы тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. 

Интернетте пайда болған видеода үш әйел былай дейді: "Құрметті офицерлер, кезекті әскери шен алу үшін алып қоюға рұқсат етіңіз", - дейді де шыны стақанға құйылған сұйықтықты ішеді. Осы әрекет демалыс орындарының бірінде түсірілген. 

"Видеодағы адамдардың прокуратура органдарына еш қатысы жоғы анықталды. Сонымен қатар, Бас әскери прокуратурасына осы дерекке қатысты тексеру жүргізіп, заңмен бекітілген уақытта нәтижесін жариялау тапсырылды", - деді ведомстводағылар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети