Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Маңғыстау облысында шенеунік жетім балаларға қатысты міндеттерін адал орындамағаны үшін сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында шенеунік жетім балаларға қатысты міндеттерін адал орындамағаны үшін сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, облыстың аудандық білім бөлімдерінің бірінің басшысы заң талаптарын орындамаған және уақытында жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді республикалық деректер базасына енгізбеген.

Сот отырысында мемлекеттік қызметкер кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді және соттан ең жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 135-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни "Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне ұсыну тәртібін және мерзімін бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылғаны хабарланған болатын.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізіфлген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro