Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті Балжан Шәменова. Фото Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан алынды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балжан Шәменова жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес.

"Сондықтан мен өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым. Жас кадрларға жол берейік. Олар ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек", - деді ол.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің бұрынғы орынбасары Балжан Шәменованы құрметпен шығарып салды. Кездесу барысында өңір басшысы Шәменованың облыстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, облыс әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Балжан Шәменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметте жұмыс істейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети