25 мамыр 2022 14:49

Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балжан Шәменова. Фото Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан алынды Балжан Шәменова. Фото Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан алынды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балжан Шәменова жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес.

"Сондықтан мен өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым. Жас кадрларға жол берейік. Олар ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек", - деді ол.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің бұрынғы орынбасары Балжан Шәменованы құрметпен шығарып салды. Кездесу барысында өңір басшысы Шәменованың облыстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, облыс әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Балжан Шәменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметте жұмыс істейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети