Шенеунік өзіне сыйақы тағайындаймын деп жұмысынан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеунік өзіне сыйақы тағайындаймын деп жұмысынан айырылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Батыс Қазақстан облысында шенеунік өзіне сыйақы жазамын деп қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында шенеунік өзіне сыйақы жазамын деп қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокуратурасы бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады.

"Ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізген.

"Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік ұсынымына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 44-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды."

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети