Шенеунік Шымкенттің сейсмикалық қауіпсіздігіне бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеунік Шымкенттің сейсмикалық қауіпсіздігіне бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Шымкент Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Тексерулер нәтижесі бойынша, Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Залалдың алдын ала сомасы 120 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.

"Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети