Мемлекеттің меншігіне сатып алынатын жер учаскелерінің бағасы тым қымбат. Себебі жергілікті шенеуніктер оны кәдімгідей алыпсатарлыққа айналдырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап.
Мемлекеттің меншігіне сатып алынатын жер учаскелерінің бағасы тым қымбат. Себебі жергілікті шенеуніктер оны кәдімгідей алыпсатарлыққа айналдырып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурор Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап.
Мемлекетке қажетті жердің бағасын әдейі көтеріп қояды. Себебі алып-сатарлар ел қазынасынан миллиардтаған ақшаның төленетінін біледі. Мәселен, қазіргі ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде республика бойынша 12,6 мың гектар жер мемлекеттің меншігіне сатып алынды. Оған 47 миллиард теңге бөлінді. Ал бас кезінде ол ақшаға 25 пайызға артық жер сатып алынады делінген. Бұның барлығы - жер бағасын қолдан көтерудің нәтижесі.
"Ондай жағдайдың біреуі Шымкент қаласында болған. Қала әкімдігі бір азаматқа жеті соттық жерді заңсыз бөліп берген Сосын бос тұрған ол жерді балалар алаңын салу мақсатында 12 миллион теңгеге сатып алды. Ондай бағалар Астана мен Алматыда да жоқ қой. Дәл сол әкімдік "Қазақойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген. Соның нәтижесінде жер учаскесінің бағасы 8 есеге өсті", - деді бүгінгі алқа мәжілісінде Бас прокурор А.Дауылбаев. Оның айтуынша, прокурорлық тексерістер кезінде жер үшін 1,3 миллиард теңгенің негізсіз төленгені анықталды. Оған қоса, жауапсыз шенеуніктер 5 миллиардан астам теңгенің жұмсап қоя жаздаған. Прокурорлар оның да жолын кесті.
Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/o-spekulyatsiyah-na-prodaje-zemel-dlya-gosnujd-zayavili-v-genprokurature-252653/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz