Жезқазғандық шенеуніктер шамамен он жыл бойы апат жағдайында тұрған үйдің тұрғындарын шығара алмай отыр. Жеңіске 30 жыл көшесінде орналасқан № 11 үйдің жарамсыздығы туралы қаулы 2010 жылы шыққан. Құжатта тұруға болмайтыны және төртінші және бесінші кіреберістегі пәтерлердің тұрғындарын жаңа жерге орналастыру туралы жазылған. Апат жағдайындағы үйдің біршама тұрғыны басқа жерге көшірілген, ал тұрғындардың көп бөлігі сол үйде тұрып жатыр. Жергілікті билік өкілдері әзірше оларға көмек бере алмайды, олардың барлығын көшіру үшін бір миллиард теңге қаражат керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңіске 30 жыл көшесінде орналасқан № 11 үйдің сегіз кіреберісі бар, олар шамамен он жылдан бері апат жағдайында. 2010 жылдан бері тұрғындар жергілікті әкімдікпен құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған, алайда бұл жағдай шешімін таппаған. № 68 пәтердің тұрғыны Айнұр Саринова қауіптің тура ортасында орналасқан үйде тұрады екен. Оның пәтерінің қабырғалары жарылып, бөлме арасындағы және балконның есіктері әрең жабылады. Пәтерде осыдан жел азынап тұратын болған. Көктемде төбе ылғалданып, жаңбыр жауғанда су басып қалатынын айтты.
"Түнде балаларым ұйықтауға қорқады. Білмеймін, мүмкін жел соққаннан ба, мүмкін қабырғалардың жарылуы кеңейіп жатқан секілді. Менің қолымда 2010 жылдан бері үйдің жарамсыздығы туралы қағаз бар. Біз қауіпті жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Үйді ішінен қымтадық, алайда оның көмегі тиіп жатқаны шамалы. Төбедегі жарылған сызықтар күн санап өсіп барады. Бұлай өмір сүруге бола ма?! Менің үш балам бар, кенжем бір жаста. Бізге көмек беріңіздер, қайғылы оқиғаның алдын алыңыздар", - деді әйел.
Сонымен қатар, бұл үйде жағдайы төмен отбасылар өмір сүреді. Адамдар өз күшімен ешқайда көшіп кете алмайды.
Жергілікті әкімдіктегілер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл мәселеден хабардар екенін айтып отыр. Үй шамамен он жыл бұрын апатты деп танылған. Сол кезде үйдің ең қауіпті бөлігінде тұратын тұрғындарының жартысы көшірілген. Үйдің сегіз кіреберісі болғандықтан, әкімдік барлығын көшіре алмайды. Бұл шараны іске асыру үшін бір миллиардтай қаражат керек.
"Тұрғындарды көшіру мәселесі әкімдікте әрдайым талқыланады. Бұл үшін бір миллиардтай қаражат бөлу керек. Бұл өте қомақты қаражат. Біз облысқа өтініш жаздық. Қазіргі уақытта бұл мәселе қарастырылып жатыр", - деді Жезқазған қаласының әкімі Нұржан Орынбаев.
Еске салайық, Жезқазғанда Алашахан көшесінде орналасқан № 33 үй де апат жағдайында тұр. Тұрғындардың айтуынша, үй кез келген уақытта құлауы мүмкін, сондықтан олар "Шахан" оқиғасының қайталануынан қорқады. Жезқазғанда барлығы 28 апатты үй бар.