02 сәуір 2021 | 17:46

Шенеуніктер қателескен. СҚО-да жалғызбасты аналар жәрдемақыны қайтаруға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Astana TV Фото: Astana TV

СҚО-да шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау кезінде қателік жіберген. Енді жалғыз басты аналардан жәрдемақыны қайтаруды талап етіп отыр, - деп хабарлайды  "Astana TV" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

СҚО-да шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау кезінде қателік жіберген. Енді жалғыз басты аналардан жәрдемақыны қайтаруды талап етіп отыр, - деп хабарлайды  "Astana TV" телеарнасы.

СҚО Қарақоға ауылындағы үш баланың анасы Виктория Красавина 2019 жылы отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болғанын айтты. Соған байланысты ауыл шенеуніктері әйелге қоңырау шалып, атаулы әлеуметтік көмек ұсынған. Айына 70 мың теңге. Жыл соңында жәрдемақыны қайтаруды талап еткен.

"Ай сайын қоңырау шалып, ақшаны қайтаруды талап етеді. Оларға төлейтін мүмкіндігім жоқ екенін түсіндірдім. Ешқандай кірісті жасырып отырған жоқпын. Бәрі жүйеде тұр", - дейді Виктория Красавина.

Қарақоға ауылының тұрығыны, үш баланың анасы Оксана Сүлейменова да осындай жағдайға тап болған. Әйел жарты жыл бойы мемлекеттен ақшалай көмек алып, нәтижесінде борышкерлер тізімінде екенін білген. Әйелдің айтуынша, шенеуніктер төленген ақшаны қайтаруды талап етіп отыр. Өйткені отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 80 теңгеге артық болған.

Жергілікті шенеуніктер өздерінен кемшілік кеткенін мойындады. Олардың айтуынша, электрон жүйеден ақау шыққан.

"ШҚ, ЖШС зейнетақы аударымдарын ай сайын жасамайды. Олар жалақы туралы анықтама берген сәтте табыс бойынша АӘК тағайындалды. Бірақ кейін қараша, желтоқсанда жұмыс беруші маусым және шілдеге зейнетақы аударымын жасағаны белгілі болды", - деді М.Жұмабаева аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Ысқақова.

Жұмыспен қамту орталығы мал асырау, тіпті бау-бақша егу де отбасының табыс деңгейіне әсер ететінін түсіндірді. Бұл табыс ай сайын есептелуі керек, дейді Ысқақова.

Ұзақ сот процестерінен кейін сот Виктория Красавинге ақшаны мемлекетке қайтаруды міндеттеді. Ал Оксана Сүлейменоваға әзірге қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы қарызды өтеу ұсынылған.

Еске сала кетейік, көп балалы алматылықтарға қоғамдық көлікпен тегін жүруге рұқсат берілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети