29 тамыз 2014 23:20

Шенеуніктер Марат Әбиевтің айыптауларын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Әбиев. ©vk.com Марат Әбиев. ©vk.com

Ақтөбелік миллионер Марат Әбиевтің сынына жауап берген шенеуніктер отандық тауарөндірушілер мүддесін қорғауда батыл екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап берген Энергетика министрлігінің өкілдері жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық үлестің артып келе жатқанын айтты.


Ақтөбелік миллионер Марат Әбиевтің сынына жауап берген шенеуніктер отандық тауарөндірушілер мүддесін қорғауда батыл екенін мәлімдеді. Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап берген Энергетика министрлігінің өкілдері жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық үлестің артып келе жатқанын айтты.

Марат Әбиев Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевті шешім қабылдауда жүрексіздік танытты деп айыптаған болатын. Ведомство өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарды. "Өкілетті орган отандық өндірушілер мүддесін қорғауда батыл жұмыс істейді және ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараны қабылдайды",- деп мәлімдеді Энергетика министрлігі "Келісімшарт агенттігінің" директоры Жан Нұрбеков.

Оның мәліметінше, 2013 жылы тауарлар, қызмет түрлері мен кадрлар бойынша қазақстандық үлесті сақтау міндеттемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға 2,8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. "ҚР азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау саласында министрлік жер қойнауын пайдаланушыларға 8,5 млрд теңге көлемінде қарызды өтеуді жүктеді", - деп хабарлайды министрлік өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, өткен үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық үлес 1,5-тен 2,7 триллион теңгеге дейін өсті. "Алдағы жылдары ENI компаниясымен бірге кеме құрастыру зауытын, CNPC-дің үлкен диаметрлі құбырлар өндіретін зауытын, Tenaris құбыр құрастырма кесінділері зауытын салу, Ақсай қаласында мұнай газ жабдықтары өндірісін іске қосу және басқа да жобалар жоспарланып отыр", - деп хабарлады Нұрбеков.

Еске салайық, жуырда Марат Әбиев бұқаралық ақпарат құралдарында ашық хатын жария етіп, Энергетика министрлігі мен вице-министр Мырзағалиевті сынаған еді. "Біз тауарлар, жұмыс пен қызмет түрлерін сатып алу саласында Қазақстан заңнамасын жиі бұзатын жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл салуды ұсындық. Бірақ бұл ұсыныс ескерілмеді, ол мұндай шараны қолдануға қорыққан сыңайлы болды. Мағзұм Маратұлы жүрексінді және ондай тұлғалар мемлекет мүддесін қорғамауы тиіс деп есептеймін, себебі олар тіпті қазақстандық тауарөндірушілердің мүддесін де қорғай алмайды", - деп жазды Әбиев. Оның айтуынша, шетелдік компаниялар жергілікті өндірушілерді өз сатып алуларына жібермеу үшін түрлі шараларды қолданады.

Айта кетейік, 24 жастағы Марат Әбиев "KSP Steel Сауда үйі" серіктестігін басқарады.
Мұнай саласына арналған тауарлар өндірісімен айналысатын бизнесменнің дәулеті 11 млн доллар деп бағаланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети