Шенеуніктер мен қауіпсіздік күштеріне казиноға кіруге тыйым салынады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Қазақстан шенеуніктері мен қауіпсіздік күштеріне қызметтік қажеттілікті қоспағанда, ойын нысандарына барудан бас тарту ұсынылады. Бұл "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлық жобасында көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан шенеуніктері мен қауіпсіздік күштеріне қызметтік қажеттілікті қоспағанда, ойын нысандарына барудан бас тарту ұсынылады. Бұл "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлық жобасында көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.

Құжат Президенттің жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізуді көздейді:

  • "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы";
  • "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";
  • "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы".

Атап айтқанда, әскери қызметшілердің міндеттері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту жүктеледі. Бұл жағдайда қызметтік қажеттілікке байланысты казиноға бару ерекше жағдай болуы мүмкін. Бұл әскери қызметшілерге қатысты емес.

"Түзетулер беделге төнетін тәуекелдерді азайтуға, оның өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған", - делінген Жарлық жобасының түсіндірме жазбасында.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro