Шенеуніктер мұғалімдерді жалақысына байланысты сотқа берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақмола облысының соты мұғалімдердің жалақысына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының соты мұғалімдердің жалақысына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот білім бөлімі басшысының орынбасары А.-ға, ауыл мектептерінің мұғалімдері Д., И., Н.-ға негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы аудандық Білім бөлімінің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

"Бюджет қаражатын пайдалану бойынша тексеру комиссиясымен бірқатар қаржылық заңбұзушылықтар анықталған, яғни 2021-2022 жылдары жалақыны негізсіз есептеу және аудару жүргізілген, атап айтқанда: қате табелдеу арқылы А.-ға жалақы және еңбек демалысы сомасы аса төленген; Д.-ға орындалмаған жұмыстар үшін; И. және Н.-ға санаттарын дұрыс анықтамаудан артық төлеулерге жол берілген".

Осының негізінде тексеру комиссиясы Білім бөліміне нұсқама шығарды: анықталған заңбұзушылықтарды жою, заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдану, бюджет кірісіне дұрыс төленбеген сомаларды өтеу. Нұсқаманы орындау мақсатында, Білім бөлімі бухгалтерияның мамандары мен экономисті тәртіптік жазаға тартқан.

Ал соманы сот тәртібінде жауапкерлерден өндіріп алуды сұрады:

  • А.-дан - 1 805 000 теңге,
  • Д.-дан - 616 000 теңге,
  • И.-ден - 66 000 теңге,
  • Н.-нан - 584 000 теңге.

Сотта келесі анықталды:

  • Жауапкерлерге көрсетілген сомалар жалақы ретінде берілген: А. төрт мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегені үшін, Д. мектеп-гимназияда жұмыс жасағаны үшін, И. және Н. мектепте мұғалім болып жұмыс істегендері үшін алған.
  • Төленген сомалар қайтарылуға жатпайтын жалақының құрамына кіреді, өйткені мұғалімдер адал еңбегімен алған.
  • Білім бөлімі нұсқамада көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізбеген, жауапкерлерге тәртіптік жауапкершілік шаралар қолданбаған, жауапкерлер тарапынан әділетсіздіктің дәлелдері сотқа ұсынылмады.
  • Нұсқаманы орындайтын жалақы алған мұғалімдер емес, мемлекеттік орган, яғни Білім бөлімі орындауы керек.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, сот Білім бөлімінің мұғалімдеріне негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.19  course up  540.3  course up  5.29  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer