Мәжіліс депутаты Азат Перуаешв Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинация бойынша жұмысын сынға алып, шенеуніктер "сәтсіздіктері үшін" 15 миллион теңгеден сыйақы тағайындап жатыр деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Азат Перуаешв Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинация бойынша жұмысын сынға алып, шенеуніктер "сәтсіздіктері үшін" 15 миллион теңгеден сыйақы тағайындап жатыр деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Перуашев Президент жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакциналау міндетін қойғанын айтты.
"Үш айдың ішінде бірінші компонентті 1,4 миллион адам алды. Ол туралы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мақтанышпен хабарлап жатыр. Бірақ екінші компонентті біздің мәлімет бойынша, 347 мың адам салдырған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 400 мың адам. Бұл халықтың 2 пайызы. Онда қандай ұжымдық қауіпсіздік туралы айтуға болады? Бұған дейін вакцинация арасы 21 күн болуы керек делінсе, өткен аптада бас дәрігер 90 күнге дейін де болады дейді. Кешіріңіздер, 21 және 90 - бұл сәл өзгеше сандар.
Көрсеткіштегі айырмашылық үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынады, қамауға алынуы да мүмкін. Ал министрлік шенеуніктері өздерінің сәтсіздіктері үшін 15 миллион теңгеден сыйақы тағайындап жатыр. Тым болмаса мұндай айырмашылық қайдан шықанын және не себеп екенін түсіндіріп берсеңіздер", - деді Перуашев Мәжіліс отырысында.
Ол халықты вакциналауды ұйымдастыру қарқынын сынға алды. Депутаттың айтуынша, ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде сауда мен қызмет көрсету саласындағы шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталып жатқанын, шағын бизнес жұмысқа оралып, адамдарда қалыпты жалақы алу мүмкіндігі пайда болған. Перуашев осының бәріне халықты уақытылы вакциналау арқасында қол жеткізілгенін, ал Қазақстанда "бұл жұмыс сәтсіз аяқталғанын" айтты.
"Қазір вакцинация барысы туралы пікірталас өтті. БАҚ мәліметі бойынша, Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинасы бар бес елдің қатарына енген. Бірақ ол жұмыстың жемісін толық пайдалана алмаймыз, өйткені өндіріс жолға қойылмаған. Зауыт әлі салынып жатыр, вакцина шығаратын жер жоқ. Біз қоспаны бір елден, екіншісінен ыдысты алып, ал үшіншісінде құямыз. Қайта су өзіміздікі", - деді мәжілісмен.
Бұған дейін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Алексей Цойдан тұрғындар мен журналистердің вакцинация туралы сұрақтарына нақты жауап беруін сұраған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда "Спутник V" екінші компонентімен вакцинациялау мерзімі ұзартылды. Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 45 күнге дейін ұлғайтылған (бұрын 21 күн болған), ал жалпы "Спутник V" екінші компонентімен 90 күн ішінде вакцинациялауға жол беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!