©Нұрғиса Елеубеков
Соңғы кезде сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған азаматтардың саны артып келеді. Олардың ішінде лауазымды тұлғалар да аз емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукинге сілтеме жасап. Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық үшін істі болған азаматтардың саны бір мыңнан асып отыр. Олардың ішінде республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 200 шенеунік бар. Солардың қатарында вице-министрлер - Саят Шаяхметов пен Мүслім Өмірияев, геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орынбасары Мұрат Сәдуақасов, Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясының президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов, мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Төлеген Бастенов және тағы басқалар бар. Енді, шенеуніктердің пара беру жөнінде өздері арыз-шағым түсіре бастады. "Сондықтан қазір лауазымды тұлғалардың пара алу оқиғаларымен бірге пара беруге қатысты қылмыстық істер де көбейді. Ондай істердің саны екі есеге өсті. Нақты айтсам, бүгінде 160 қылмыс анықталып отыр. Қаржы полициясы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайларды жоюға қатысты тиісті хаттамаларды жіберді. Осының нәтижесінде сан алуан мемлекеттік құрылымдардың 300-ге жуық қызметкері жауапқа тартылып, шамамен 100 шенеунік жұмыстан босатылды", - деді бүгінгі брифингте А.Лукин. Агенттік төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген 170 адам ынталандырылды. Оларға жалпы соммасы 19 млн. теңгенің сыйақысы берілді.
Соңғы кезде сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған азаматтардың саны артып келеді. Олардың ішінде лауазымды тұлғалар да аз емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукинге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық үшін істі болған азаматтардың саны бір мыңнан асып отыр. Олардың ішінде республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 200 шенеунік бар. Солардың қатарында вице-министрлер - Саят Шаяхметов пен Мүслім Өмірияев, геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орынбасары Мұрат Сәдуақасов, Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясының президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов, мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Төлеген Бастенов және тағы басқалар бар.
Енді, шенеуніктердің пара беру жөнінде өздері арыз-шағым түсіре бастады. "Сондықтан қазір лауазымды тұлғалардың пара алу оқиғаларымен бірге пара беруге қатысты қылмыстық істер де көбейді. Ондай істердің саны екі есеге өсті. Нақты айтсам, бүгінде 160 қылмыс анықталып отыр. Қаржы полициясы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайларды жоюға қатысты тиісті хаттамаларды жіберді. Осының нәтижесінде сан алуан мемлекеттік құрылымдардың 300-ге жуық қызметкері жауапқа тартылып, шамамен 100 шенеунік жұмыстан босатылды", - деді бүгінгі брифингте А.Лукин.
Агенттік төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген 170 адам ынталандырылды. Оларға жалпы соммасы 19 млн. теңгенің сыйақысы берілді.