26 қаңтар 2021 16:44

Шенеуніктердің шаруасы жоқ: Қарағанды облысында ауылдық боксшылар әкімдікке шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр: instagram.com/ztb_kz Видеодан кадр: instagram.com/ztb_kz

Жас боксшылар - Қарағанды облысы Ақмешіт ауылының тұрғындары әкімдікке шағымданды. Жігіттердің айтуынша, олар жаттығу жасағысы келеді, бірақ бұған шенеуніктер назар аудармайды. Сондықтан боксшылар видео түсіріп, онда импровизацияланған залды көрсетті. Кадрға қарағанда ғимараттың апаттық жағдайда немесе құлайтындай күйге жетіп қалғанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіттердің жаттығу жасап жатқан ролигі желіде таралды.

"Балалардың айтуынша, олар спортпен шұғылданғысы келеді және өздері үшін жаттығады, бірақ бұл үшін қолайлы жағдай жасалмаған. Мектеп спортзалына балаларға сабақтан тыс уақытта баруға рұқсат етілмейді, ал ауыл әкімі жастардың қалауына жауап бермейді", - делінген постта.

Видеода жастардың үйде қалай жаттығатынын көруге болады.

"Міне, мына бала екінші күн жаттығып жатыр. Жаттығу үшін қолайсыз. Біз өзіміз үшін жағдай жасаймыз", - дейді автор жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Қарағанды облысының әкімдігіндегілер видеоға түсініктеме берді. Шенеуніктер Ақмешіт ауылында жұмыс істейтін клуб бар екенін айтты. Желідегі жарияланған видеодан кейін клубты жас спортшыларға жаттығу үшін берілетін болыпты.

"Мұнымен қоса әкімдік бұқаралық спортты қолдау үшін жағдай жасайды. Балаларға туған ауылының өміріне немқұрайды қарамағаны және салауатты өмір салтына ұмтылғаны үшін алғыс айтқымыз келеді. Сондай-ақ, бұрын жаңа бастаған спортшылар мектеп спорт залында жаттығып жүргенін, тек қазір карантин шектеулеріне байланысты жабық тұрғанын хабарлаймыз", - деді Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Шаповалова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети