2027 жылдан бастап Қазақстанда декларацияда кірістер мен шығыстар сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілік күшейтіледі. Нормалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Парламент қабылдаған түзетулерге енгізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2027 жылдан бастап Қазақстанда декларацияда кірістер мен шығыстар сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілік күшейтіледі. Нормалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Парламент қабылдаған түзетулерге енгізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қолданыстағы нормаларға қосымшада, декларациялардағы айырмашылық үшін 10 пайыздық жеке табыс салығын өндіріп алу туралы қосымша санкциялар енгізу көзделген. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту үшін екені айтылды.
"Біріншісі - қазыналық. Кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық сомасының 90 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу арқылы. Бұл жерде айта кетейін, тек 1000 АЕК-тен астам, яғни шамамен үш миллион теңгеден асатын сәйкессіздік анықталған жағдайда санкция қолданылады.
Егер, мысалы, мемлекеттік қызметшінің күнтізбелік жылдық табысы 5 миллион теңге болса, ал ол мүлікті 9 миллион теңгеге сатып алса, бұл қызметкер 1000 АЕК, яғни үш миллион теңгеден аса межеден асып түсті", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Түзетулерде мемлекеттік қызметті немесе шығыстардың кірістерге сәйкес келмеуіне байланысты өзге де тиісті қызметті тоқтатқан адамға жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл ішінде мемлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік лауазымға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасуға тыйым салу көзделеді. Санкциялар тек 1000 АЕК-тен астам, яғни шамамен үш миллион теңгеден аса сомаға сәйкес келмеген жағдайда қолданылады.
"Карьералық санкциялар. Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен үш жылға шығару. Жұмыстан шығару үшін сәйкессіздік 1000 АЕК шегерілген жылдық кірістен асып кетуі керек. Бұл ретте әрбір жағдайда шенеунікке шығыстардың заңдылығын негіздеуге мүмкіндік беріледі. Бұл Салық кодексінде қарастырылған. Яғни, біз немесе Мемлекеттік кірістер органдары жазықсыз адамға осындай санкциялар қолданбас үшін объектив көрініс болуы керек.
Сонымен қатар, бұл тұлғалар қылмыстық сот процесі орбитасына тартылмайтынына назар аударамын. Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған", - деді Ұлан Сарқұлов.
Антикор басшысы орынбасарының айтуынша, нормалардың күшіне ену мерзімі 2027 жылға дейін белгіленген. Оған дейін, оның айтуынша, ауқымды түсіндіру жұмыстары қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!