Қазақстанда жемқорлардың баспанасын, көлігін, дүкені мен мейрамханасын туыстарының атына аударып алуына жол бермейтін норма қабылдау керек. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Жаңару" жалпыұлттық қозғалысы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов "Мегаполис" басылымына берген сұхбаты барысында мәлімдеді.
Қазақстанда жемқорлардың баспанасын, көлігін, дүкені мен мейрамханасын туыстарының атына аударып алуына жол бермейтін норма қабылдау керек. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Жаңару" жалпыұлттық қозғалысы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов "Мегаполис" басылымына берген сұхбаты барысында мәлімдеді.
Әбеновтің айтуынша, мүлкін туған-туыстарының атына жаздыру механизмі Қазақстанда кеңінен пайдаланылып жүр. Ал Қазақстан заңнамаларында еуропалық стандарттар қарастырылған, яғни туыс деген ұғымға белгілі бір шеңбердегі адамдар ғана кіреді. Ал бізде туыстың саны өте көп, оны заңмен қамту өте қиын.
"Жақында Еуропада бұл мәселені шешудің жаңа жолы ұсынылды, ал Украина өткен жылы ең бірінші болып мүлікті заңдастыруға шектеу қою туралы норманы қабылдады. Енді бұл елдегі барлық заңды тұлға түпкілікті табыс көзі туралы мәліметті жария етіп отыруы тиіс және ол база ашық түрде жұмыс істейді. Ал мәлімет бермегендер айыппұл төлейді немесе заңмен қудалауға ұшырайды", - деді ол.
Жемқорлықпен күресушінің айтуынша, мұндай талап бар жерде әркім өзі үшін алаңдайтын болады. "Тіпті, біреудің байлығын өз атына жаздыруға келісе қоятын шенеуніктің бір туысын табудың өзі қиын болады. Олар "сен ұрлайсың, сен жақсы өмір сүресің, ал жауапкершілікті мен арқалап жүремін бе?!" дейтін болады", - дейді Әбенов.
Сонымен қатар, ол Ресей бір кездері талқылап, қабылдаудан бас тартқан "шенеуніктердің мүлкіне заңды жолмен қол жеткізгендерін дәлелдеу" туралы нормасын біздің елге енгізуге қатысты ойын жеткізді. Айтуынша, қазіргі капиталға рақымшылық жасау және бұл талаптарды енгізудегі дағдарыс шеңберінде мұндай норма сыбайлас жемқорлықпен күресуде көп көмек көрсетеді. Әбеновтің айтуынша, әлемде бұған ұқсас көптеген тәжірибе бар, олардың арасынан да тиімдісін біздің елдегі заңнама нормаларына енгізуге болады.
"Мысалы Чехияда шенеуніктердің үйлерін, көліктерін көрсететін арнайы қоғамдық ұйым бар. Біздің елде де болса, зор танымалдылыққа ие болар еді деп ойлаймын. Шенеуніктердің үйін ғана емес олардың сауда орталықтарын, мейрамхана мен казиноларын көрсетсе. (...) Егер мұндай жұмыстар арқылы мемлекеттік құрылымдар мен олардың басшыларына қатысты ақпарат ашылатын болса, дақпырт сөз де болмайды. Ойлап қараңызшы, біреу барахолка әкімдікі екен деп айтып, сотталып, жеңіп шықты. Түпкі пайда көрушіні анықтау кезінде расында да нарықта бесінші тұлғадан кейін оған өңір басшысының қожалық ететіні белгілі болды", - дейді ол.
Әбеновтің айтуынша, Қылмыстық кодекске мұндай нораларды енгізу - проблемамен күресудің ең әлсіз әдісі, себебі ақпарат бастапқыдан-ақ ашық болуы тиіс. Сауатты адам тегінің бір әрпін өзгертсе де қаңқу сөзде айтылған айыптан құтылып кетеді.
"Ресейдегі бас прокурорға ұқсас адам туралы жағдай есіңізде ме? Сауатты адам тегінің бір әрпін өзгертіп айыптан құтылып кете алады немесе тұспалдап жеткізеді. Сондықтан Қазақстанда да жарты жылдан кейін бәрі тұспалдап, астармен жаза бастайды. Әсіресе қазақтар дәстүрлі шеберлікпен ақпаратты көркем тілде жазғанда, бірде-бір заңгер ештеңе көрсетіп бере алмайды", - дейді Әбенов.