Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты Архивное фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Шерзат Болат ісі бойынша кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болат ісі бойынша кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев Instagram-парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

Оның айтуынша, Думан Ысқақовқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол қамаудан босатылған.

"Думан Ысқақов бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мусабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", — деді адвокат.

Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 2025 жылғы 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети