Шерзат Болаттың ағасы өлер алдында хабарлама қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ағасы өлер алдында хабарлама қалдырған Midjourney

Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты тың дерек жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты тың дерек жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын. Полиция оның Шерзат Болаттың ағасы екенін растады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.

"Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады", - делінген хабаламада.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети