Шерзат Болаттың әкесіне қатысты іс қозғалуы мүмкін бе?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты іс қозғалуы мүмкін бе?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі ісі бойынша сотталғандардың туыстарының талабына сәйкес, марқұмның әкесі – Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі ісі бойынша сотталғандардың туыстарының талабына сәйкес, марқұмның әкесі – Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Сотталғандардың туыстары мәлімдеме жасады. Олар марқұмның ағасы мен әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті. Олардың айтуынша, олар мылтық пен пышақ алып шыққан, бұл өз кезегінде жанжалдың өршуіне себеп болған.

Жақында сотталғандардың туыстары марқұмның туыстарына қарсы тағы бір бейнежазба жариялады.

Бас прокурордың орынбасарының пікірі

Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа Мәжіліс кулуарларында Әсет Шындалиев жауап берді:

"Мен тек күдіктілердің немесе басқа тұлғалардың туыстарының сөзіне сүйеніп пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіздер болуы керек. Істі қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды", – деді ол.

Сондай-ақ, Шындалиев Талдықорғанда өткен сот процесіне де пікір білдірді:

"Шерзат Полаттың өлімі ісі бойынша өткен сотқа келсек, үкім заңды күшіне енген жоқ. Барлық тараптың апелляция беруге әлі уақыты бар. Маған белгілісі – барлық қазақстандық процеске ашық түрде қатысуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, сот сапалы, ашық және объективті өтті. Үкім шығару кезінде барлық айғақ пен куәгерлердің көрсетулері ескерілді. Мұндай ашық сот процестерінің мақсаты – соттың әділ өтетінін және ештеңенің жасырын еместігін көрсету", – деді Бас прокуратура өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети