Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты видео кадры

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, тергеу барысы үнемі бақылауда.

"Өздеріңіз білетіндей, бірнеше тұлға ұсталып, бірқатар айып тағылды. 15 қазанда Алматыда өткен брифингте тергеу амалдары қалай жүріп жатқаны толық айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Өртке қатысты тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети