Шерзат Болаттың өлімі: тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу аяқталды Фото ©️ Tengrinews.kz

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаттары ресми түрде мәлімдеді.

"Қайырлы күн, құрметті достар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды!

2025 жылдың 17 қаңтарында біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең - қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз", - деп жазды адвокат Карина Көшербаева.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети