Шерзат Болаттың өлімі: тергеу нұсқасы бойынша оқиға қалай болған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу нұсқасы бойынша оқиға қалай болған? Фото ©️ Tengrinews.kz, видео кадры

Прокурор Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу нұсқасына сәйкес, адам өлтіруге басты айыпталушы – Абзал Шынасыл. Прокурордың айтуынша, дәл Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақпен өлімге әкелген соққы жасаған.

"Шынасыл кәмелетке толмаған Болатқа аса қатыгездікпен пышақ сұққан. Шерзат Болат соққыны сезіп, қашуға әрекеттенген. Бірнеше метр жүгірген соң, құлаған", – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, одан кейін бүкіл топ Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа шабуыл жасаған. Оған да бірнеше рет пышақ салған. Прокурордың айтуынша, жаппай төбелеске қатысушылар Шерзат Болаттың ауыр халде жатқанын көре тұра, оған қайта жақындап, аяқпен тепкілеп, басынан ұрған.

Төбелестен кейін шабуылдағандардың барлығы оқиға орнынан бой тасалаған. Ал ауыр жараланған Шерзат Болатты әкесі – Қаржаубай Нұрымов өз көлігімен Талғар ауруханасына жеткізген, алайда ол көз жұмған.

Айыпталушы Шынасыл Абзал ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") айыпталып отыр. Сондай-ақ оған 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша да айып тағылған.

Сакиев Равиль – 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") және 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша айыпталып отыр.

Белғожаев Шыңғыс, Әскентай, Ильясов, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар — барлығы 293-бап ("Бұзақылық") бойынша айыпталып отыр.

Кәмелетке толмаған Ысқақ Думанға "Ауыр қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша айып тағылған.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети