Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: сотта жантүршігерлік кадрлар көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: сотта жантүршігерлік кадрлар көрсетілді видео кадры

Сотта Шерзат Болатты (Полат) соққыға жыққан сәттің бейнежазбасы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта Шерзат Болатты (Полат) соққыға жыққан сәттің бейнежазбасы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны оқиға куәгері балконнан түсіріп алған. Жазба іс материалдарына тіркелді.

Видеода Шерзаттың жерде жатқаны, оның жанында тағы бір адамның болғаны көрінеді. Кейін оларға қарай бір топ адам жүгіріп барып, ұра бастайды. Олардың бірі жатқан адамды мылтықтың сабымен ұрып жатқаны анық байқалады. Сонымен қатар, видеода әйелдің: "Жедел жәрдем шақырыңдар!" деп жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі.

Прокурордың айтуынша, жерде жатқандар адамдар - қаза тапқан Шерзат пен оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев. Кейінірек бірнеше адам Ғайыпбаевті шетке сүйреп, оны бөлек ұрып-соғады.

Жүйкесі әлсіз және жүкті әйелдерге бұл видеоны қарауға кеңес берілмейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Аталған бейнежазбаға қатысты айыпталушы Дархан Әскентай өз нұсқасын айтты. Ол бұл төбелеске қатыспағанын айтты.

"Нұрқанат пен Шерзаттың арасы шамамен 4-5 метр болды. Мен Нұрболдың (айыпталушы Тоқтаубаев – еск.) артынан бара жаттым, ажыратқым келді", – деді төбелестің шығуына себеп болған Әскентай.

Сондай-ақ, Әскентай Шерзатты нақты кімнің ұрғанын көрмегенін айтты. Өзінің айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаев екі рет мылтық атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети