Шерзат Болаттың ісі бойынша айыпталушы қысым жасалды деп шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың ісі бойынша айыпталушы қысым жасалды деп шағымданды Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Шерзат Болат (Полат) ісі бойынша айыпталушы полицейлер тарапынан азаптау мен соққы көргені туралы шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болат (Полат) ісі бойынша айыпталушы полицейлер тарапынан азаптау мен соққы көргені туралы шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрбол Тоқтаубаев бүгін, 15 мамырда, сотта жауап алу барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шерзаттың өлімінен бірнеше сағат өткен соң оны үйінен ұстап әкеткен.

"Полиция бөлімінде мені ұрып-соға бастады. Кейін Қаржаубай келді, ол да ұрып-соғып, балағаттады. Маған қысым жасалды, қызметкерлер қандай айғақтар беру керек екенін айтты", - деді Нұрбол Тоқтаубаев.

Бүгін сотта Тоқтаубаев тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты.

Айта кетейік, Нұрбол Тоқтаубаев "Бұзақылық" бабы бойынша айыпталып отыр. Онымен бірге оның бауыры – Азамат Тоқтаубаев та айыпталушылар қатарында. Нұрбол Тоқтаубаевты төбелес орнына айыпталушы Дархан Әскентай шақырған. Оның айтуынша, төбелес кезінде тек Нұрғанат Ғайыпбаевты тепкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети