Шерзат ісі: айыпталушыларға қандай үкім шықты?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат ісі: айыпталушыларға қандай үкім шықты? Фото ©️ Tengrinews.kz

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі бойынша:

  • Абзал Шынасыл - 23 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Равиль Сакиев - 20 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Азамат Тоқтаубаев - 15 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрқияс Ілиясов - 9 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Шыңғыс Белғожаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дархан Әскентай - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дидар Қалиахмет - 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Думан Ысқақ - 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети