Шерзат ісі: сот сегіз сотталушының үкімін өзгеріссіз қалдырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат ісі: сот сегіз сотталушының үкімін өзгеріссіз қалдырды ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Апелляциялық алқа Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сегіз сотталушының шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Апелляциялық алқа Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сегіз сотталушының шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 тамызда Шерзат ісі бойынша апелляциялық шағым қарала бастады. Барлық сегіз сотталушы өтініш берді, олар ақтауды немесе ішінара ақтауды сұрады.

Сот офлайн режимінде өтті. Процесті түсіруге тыйым салынған.

Тараптарды тыңдағаннан кейін апелляциялық алқа бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Еске салайық, 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.

Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.

Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети