Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты видео кадры

Шерзат Болаттың (Полаттың) өліміне қатысты сот процесі барысында марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Санат Абдықадырды беттестіру кезіндегі видео көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат Болаттың (Полаттың) өліміне қатысты сот процесі барысында марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Санат Абдықадырды беттестіру кезіндегі видео көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Беттестіру кезінде Қаржаубай Нұрымов "Делайте" деген сөзді Санат Абдықадыр айтқанын баяндады.

"Ол (Санат Абдықадыр – еск.) Нұрқанатпен (Ғайыпбаев – Шерзаттың ағасы – еск.) амандасып, сөйлесті. Осының аузынан шықты: "Мен шалмын ғой, мен төбелеспеймін, мен үшін жігіттер төбелеседі" деген. Соны сездім де дүкенге кіріп телефонды алып қоңырау шалып жатқанмын. Дүкенге кіріп бара жатқанда "Делайте", деді... Содан кейін төбелес басталып кетті", – деді Шерзаттың әкесі видеода.

Айта кетейік, бұған дейін Санат Абдықадыр сотта Нұрқанат Ғайыпбаевпен сол оқиға болған күні танысқанын айтқан. Оның айтуынша, олар дүкеннің жанында кездейсоқ кездескен. Шерзаттың ағасы оларға кикілжің іздеп келген жоқсыңдар ма деп сұрағанда, Абдықадыр тек дүкенге келгенін айтып, өзі "шал екенін" айтқан.

Айыпталушылардың бірінің адвокаты осы жағдай бойынша соттан Қаржаубай Нұрымовты қайта жауап алуға шақыруды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды. Қаржаубай Нұрымов айыпталушылардың барлығы жауап беріп, қылмыстық іс материалдары зерттелгеннен кейін сотқа жауап алуға шықарылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети