Шерзаттың әкесі сотта оқиға қалай болғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Сотта марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотта марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржаубай Нұрымов "Қамажай" дүкенін екі айға жуық жалға алғанын айтты. Оқиға болған түні дүкенге Дархан Әскентай келген, басында екеуінің арасында қақтығыс болмаған.

Шиеленіс кейінірек пайда болған. Марқұмның әкесінің сөзінше, Шерзат Әскентайдың Қаржаубайды балағаттағанын естіген.

"Олар сыртқа шығып кетті. Дауыс көтеріп сөйлесе бастады. Шерзат Дарханды ұрып жіберген. Мен шығып, оларды ажыраттым. Дарханнан кешірім сұрай бастадым. Ол кешірмейтінін, балаларды шақыратынын айтты. Шерзат өз денсаулығымен өтейтінін айтты", - деп еске алды Қаржаубай Нұрымов.

Кейінірек Дархан Әскентай достарын шақырған. Олардың арасында Нұрбол Тоқтаубаев та болған. Осы уақытта дүкенге Шерзаттың достары келген, олар бұған дейін "Қамажай" дүкені маңында кездесуге уағдаласқан. Қаржаубай Нұрымов бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевты көмекке шақырған.

"Нұрбол "хуторскийміз, бізді білмейсің бе?" деді. Нұрбол өздерінің хуторский екенін айтқан кезде жағдай жақсы емес екенін түсіндім. Олар жай кетпейтінін, бәрібір өз дегенін жасайтынын түсіндім. Өйткені бүкіл ауыл хуторский кім екенін біледі. Бұған дейін көрші жігіт ажал құшқан", - деді Қаржаубай Нұрымов.

Оның айтуынша, ІІМ көрсеткен видеодағы пышақ дүкенде майды кесу үшін қолданылған. Шерзаттың әкесінің айтуынша, ол пышақты қорғаныс үшін қолдануға мәжбүр болған.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұған дейін Нұрғанат Гаипбаев сотталушы Равиль Сакиевті білген. Олардың арасында бір кездері жанжал болған көрінеді, нәтижесінде Гаипбаев ауруханаға түскен. Алайда, сол кезде Нұрғанат Гаипбаев ауруханаға бармай, іс шешілген.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer