Шерзаттың анасы сотталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзаттың анасы сотталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талғарда кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың (Полат) өлімі ісі бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиеваның жазған үндеуін оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың (Полат) өлімі ісі бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиеваның жазған үндеуін оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында адвокат айыпталушыларға ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе 20 жылдан жоғары жаза тағайындау туралы Шерзаттың анасының өтінішін оқыды.

"Мұндай қайғы ешкімнің басына келмесе екен деп тілеймін. Ешқандай ана мен сияқты жыламасыншы. Құметті сот, осы қылмыстық іс бойынша қатаң және ауыр түрде жазаланатын үкім шығарылса екен деп тілеймін. Өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын, кем дегенде 20-30 жылдан болсыншы. Әділ, қатаң, ауыр шешім болса, басқаларға сабақ болар еді. Мұндай адамдар қоғамға қауіпті, ертең тағы біреудің баласын өлтірмеуіне кім кепілдік береді", – делінген Шерзаттың анасының үндеуінде, оны сотта Мейрман Шекеев оқып берді.

Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты моральдық зиянды өтеу туралы өтінішті толық қанағаттандыру және кәмелетке толмаған айыпталушы Д.Ы.-ға кешірім беру туралы өтінішті де еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети