02 наурыз 2021 08:52

"Шешесі есік маңында жатты". Бес адамды өлі тапқан көршісі мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен демалыс күндері Түркістанда төрт бала мен олардың анасын үйінен өлі тауып алған көршісі оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Өткен демалыс күндері Түркістанда төрт бала мен олардың анасын үйінен өлі тауып алған көршісі оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Кіргенде әйел есік алдына келгенде құсқан тазикке ше, құсқан да сол арада қалып кеткен. Анау екі үлкені сол бөлмеде жатыр. Кішкентай қызы арғы бөлмеде, бір кішкентай баласы бергі бөлмеде жатыр. +Күйеуі көбінесе стройкада жүреді. Өзі базарда, әйтеуір бала-шағаның қамы ғой. Үлкен баласы студент, екеуі оқиды, кішкентайы балабақшада", - деді көршісі Кенжебай Мақұлбеков.

Сол күні отағасы үйде болмаған. Ол Шымкентте емделіп жатқан.

Телеарна мәліметінше, әйел мен балалар Қызылорда облысындағы туған ауылында жерленген. Отбасы бірнеше жыл бұрын ол жақтан Түркістанға көшіп келген. Әкесі қазір қайғыдан қан жұтып жатыр.

Билік отбасына қажет көмек көрсетуге уәде беріпті. Сонымен қатар, бей-жай қалғысы келмеген кәсіпкерлер туыстарына 7 миллион теңге бөлу туралы келісіпті.

Болған оқиғадан кейін шенеуніктер қалада барлық газ құралын тексеруге көшкен. Мамандар ережебұзушылық анықталса, қызметтен ажыратылады екен.

"Барлық әкім бүгіннен бастап шұғыл түрде газ жеткізілген жердің бәрін тексеруі керек. Әр ауланы қарап шығуы керек. Мұндай ережебұзушылық жасап отырған мекемелерге қатаң шара қолдану керек", - деді Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Еске салайық, 27 ақпанда бір отбасының бес адамы иіс тиіп қаза тапқаны хабарланған еді.

Қайтыс болған шешесі 1980 жылғы, ал балалар 2004, 2006, 2013 және 2016 жылы туғандар екені анықталған болатын. Өлім себебі - улы газдан улану. 

Оқиға болған жерді тексеру барысында ТЖМ, полиция, газ қызметінің қызметкерлері үйдің үш бөлмесі барын, ортасында камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғанын, екі жағында екі бөлме орналасқанын анықтады. Оған гофрленген розетка қосылған, ол жану өнімдерін пештен 1,5 метр қашықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарған. Сыртқы жағынан ол 5-7 сантиметрге шығарылған, бұл облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісовтың айтуынша, қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал еткен. Тартқыш нашарлаған жағдайда үйдің ішінде улы газ таралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети