Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтан күдікті алып тастау туралы шағымына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжановқа "екі органның келісе алмауы түсініксіз жағдай" деп ойлайсыз ба деген сұрақ қойылды.
"Түсініксіз ештеңе жоқ. Шағымдану - бұл олардың құқығы, заң бойынша дұрыс. Бұл қарапайым жұмыс. Әркім қанша шағымданса да өзі біледі. Шешім шығып қойды", - деді бас прокурордың орынбасары журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
"Егер айтарлықтай себеп болса (шешім өзгеруі мүмкін - Түсіндірме), бірақ бүгінде шешім шықты", - деді ол.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. "Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары, шынында ұсталды. Біз осыны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.