ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 шілде 2026 15:51
Шет мемлекеттер Құрылтай сайлауына өз бақылаушыларын жібереді
Құрылтай сайлауын тағы төрт мемлекеттің дипломаттары мен халықаралық сарапшылары бақылайды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы ресми мәліметінше, 17 шілдеде тағы 16 шетелдік бақылаушы аккредиттеуден өтті.
Осы шешімді ескергенде, бүгінде олардың жалпы саны 76 адамға жетті.
Бақылаушылардың жаңа пулына кімдер кірді?
Шет мемлекеттер:
- Грузия – 2 бақылаушы, оның ішінде Грузия ОСК төрағасы Георгий Каландаришвили бар.
- Иран Ислам Республикасы – 2 өкіл, оның ішінде Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джокар бар.
- Швеция – 2 өкіл, оның ішінде Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эрикссон бар.
- Қырғызстан – 2 бақылаушы.
Халықаралық ұйымдар:
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясы – 1 үміткер: польшалық сенатор Казимир Клейна.
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы – 6 үміткер, олардың арасында Ассамблеяның жауапты хатшысы Сергей Поспелов бар.
- ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы – 1 бақылаушы.
"Сыртқы істер министрлігінен ұсыныстардың түсуіне қарай халықаралық бақылаушылар бойынша деректер жедел түрде жаңартылып отырады", - деп түйіндеді Мұхтар Ерман.
Құжат бірауыздан қабылданды.
Бұған дейін кімдер аккредиттелді?
14 шілдеде Мұхтар Ерман аккредиттеуге 60 халықаралық бақылаушы ұсынылғанын хабарлаған болатын аккредиттеуге ұсынылды.
Олардың ішінде:
- ТМД бақылаушылар миссиясынан 4 бақылаушы;
- ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясынан 19 бақылаушы;
- ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 32 бақылаушы;
- Мальдив Республикасының 2 өкілі, оның ішінде елдің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар;
- Палестинаның Қазақстандағы елшісі, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпус басшысы;
- Венесуэланың Қазақстандағы елшісі;
- Мажарстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі.
1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция өз күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия жіберілді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу