23 қаңтар 2014 11:41

Шетел қазақтарының шығармалары өз елімізде жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Таяуда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында "Атажұрт" баспа орталығынан 2013 жылы жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жер шарының шартарабына тарыдай шашылған біртұтас қазақ халқының үштен бір бөлігі, яғни шамамен 5 миллион қандасымыздың өзекті мәселелерін, мұң-шерлерін, олардың атажұртқа оралуға деген ниет-тілектерін жеткізіп отыратын қоғамдық ұйым - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы. Осы ұйым Қазақстанның халықаралық беделінің артуына үлкен үлес қосып келеді. Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақ халқының рухани мұрасын жинақтап, насихаттау. Осы мақсатта «Атажұрт» баспасынан жылда Қауымдастық таңбасымен Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Ресей және Белгиядағы қазақ ғалымдары, ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлерінің кітаптары жрық көріп тұрады. Әр жыл сайын оқырманға жол тартып отыратын кітаптарға алыс-жақын шет елдердегі қазақстардың поэзия, проза, жанрындағы көркем шығармалары, түрлі елдерде тұратын қазақтардың тарихы мен тағдыры туралы ғылыми зерттеулері енген. Биыл да қауымдастық "Шетелдегі қазақтар" деген сериямен Қытай мен Моңғолия қазақтарының жинақтарын, Ресей қазақтары туралы жаңа кітаптарды қазақстандықтардың назарына ұсынды. Шетелдегі қазақтар арасында есімдері едәуір танылып қалған қаламгерлердің кейбір шығармалары өздері тұратын елдегі мектеп бағдарламаларына да енген. Атап айтар болсақ, түрлі жанрда қалам тербейтін белгілі жазушы Қаусылхан Қозыбайұлының «Ісләмнің құрдасы» әңгімесі, "Шағылған төсек" пьесасы Қытайдағы қазақ мектептерінің қазақ әдебиеті оқулықтарына енген. Қ.Қозыбайұлының таңдамалы шығармалары Меллат Рәметтің құрастыруымен қазақ тілінде жарық көрді. Бұл жинақта қаламгердің жоғарыда аталған екі шығармасынан бөлек "Жаңа жайлау" повесі, алты әңгімесі, бір пьесасы, отызға жуық өлеңдері топтастырылған. Осыдан жирыма екі жыл бұрын ең алғаш Қазақстанға Моңғолия қазақтары көшіп келген еді. Алғашқы он жылда 45 мыңнан астам қазақ көшіп келген болса, бүгінде бұл көрсеткіш 100 мың қазаққа жетті. Осы көштің ұйымдастырылуын көзімен көріп, қиындығы мен қызығын өз басынан кешкендердің бірі Ботагөз Уатқан "Ата жұртқа жеткен көш" деген кітабынан біршама құнды деректерді табыуға болады. Сондай-ақ Арғынбай Жұмажанұлының "Балапан қаз", Арғынбек Апашпайұлының "Жыр ғұмыр" өлеңдер жинағы, Абданбай Бажаевтың "Күн өз кеудеңнен туады", Өнерхан Өгізбайұлының "Тағдыр талқысында" повестер мен әңгімелер жинағы, Моңғолия қазақтарының азапқа толы көші туралы Сұлтан Тәукейдің "Арыстардың арманы" деректі романы, Серікқали Бәйменшенің Ресей қазақтар туралы "Дәнекер" эссе әңгімелері жеке-жеке кітап болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети