22 сәуір 2014 18:25

Шетел мамандары Қазақстанға өз еркімен келе алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова. Фото np.kz сайтынан алынды Тамара Дүйсенова. Фото np.kz сайтынан алынды

Шетел мамандары Қазақстанға өз еркімен келе алмайды. Ондай мамандықтардың арнайы тізімі әзірленеді. Олар сол тізімде бар болса ғана елімізге келіп, жұмыс істей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

"Шетелден мамандарды тарту жұмысы бізде қазір квота бойынша жүргізіледі. Әрбір жұмыс беруші өзіне қажетті мамандықтар бойынша тапсырыс беріп отырады. Бүгінде біз аталған квотамен бірге тағы бір жаңалықты енгізгелі жатырмыз. Алдымен жалпы республика бойынша қандай мамандықтар қажет екені анықталады. Шетелдік азаматтар болса, сол мамандықтарға сай екендіктерін дәлелдеуі тиіс. Осыған орай, біз ұпай беру жүйесін енгіземіз", - деп атап көрсетті Т.Дүйсенова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгінде Индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында ел экономикасына қажетті мамандықтар анықталып жатыр. Осыған орай, еңбек күші аз аймақтарда орналасқан кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерін күшейту, яғни жаңа мамандықтарды ашу, сондай-ақ басқа өңірлерде тұратын жастарды сол аймақтарда гранттар негізінде оқыту сияқты мәселелер қаралуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети