Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси трансформациясы туралы айта отырып, шетелден арандатушылық айтарлықтай артқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси трансформациясы туралы айта отырып, шетелден арандатушылық айтарлықтай артқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елдің күрделі трансформациясы азаматтардың саяси белсенділігінің объектив өсуіне әкеледі, бұған популизмнің күшеюі және әртүрлі қайраткер тарапынан әдейі алыпсатарлық әрекеттер қоса жүреді. Біз шетелден назар аударуға бағытталған арандатушылық әрекеттер айтарлықтай көбейгенін көріп отырмыз", - деді Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысының айтуынша, дамыған демократиялық қоғам құру - "шулап ұран айтып, бірден нәтиже беретін уәде емес", бірізді және жүйелі жұмыс екенін түсіну керек.
"Елімізде жоғары саяси жауапкершілік мәдениеті орнығуы керек. Саяси саладағы радикализм мен популизмге қарсы тұрудың басты факторы осы мәдениет саналады. Өкінішке қарай, бізде бұл көп", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев көп нәрсе қоғамның кемелденуіне, азаматтардың санасы мен шығармашылық белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.
"Өйткені демократия - әрқайсымыздың күнделікті тынымсыз жұмысымыз. Бұл постулат азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында тұрақты және түсінікті түсіндіруді қажет етеді. Бұл жерде ғылыми қауымдастықтың рөлі зор. Бүкілхалықтық референдум Жаңа Қазақстанды құрудың маңызды бастамасы болады", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!