Шетелдік әйел жаңа туған сәбиін Қазақстанда сатпақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік әйел жаңа туған сәбиін Қазақстанда сатпақ болған Фото Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Ол азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

"Бұл дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети