18 шілде 2024 | 10:17

Шетелдік ҚМА қызметкерлері көзінше есірткі оралған қапшықты жұтып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Lada Largus" маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.

"Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды. Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети