Енді шетелдік нөмірлі көлігін заңдастыруға үлгермеген жүргізушілер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Енді шетелдік нөмірлі көлігін заңдастыруға үлгермеген жүргізушілер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан аса автокөлік тіркелсе, оның 21 мыңы автоконструкторлар, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.
"Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажетті алымды төлей отырып, әдеттегі тәртіпте тіркелуі керек.
Сонымен қатар, көлік иелеріне белгіленген тәртіппен тіркелмеген көліктерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", - деді ІІМ өкілдері.
Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өтініштер шілдеге дейін қабылданып, 2023 жылдың аяғына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген көліктерді тіркеді.
ІІМ акцияның бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін баса айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!