Шетелдік көліктерді заңдастыру: Тоқаев үкіметті сынады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік көліктерді заңдастыру: Тоқаев үкіметті сынады Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесіне байланысты үкімет жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесіне байланысты үкімет жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы халық нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз екенін айтты.

"Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети