Шетелдік компаниялар 3 миллиард теңге "Google салығын" төледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік компаниялар 3 миллиард теңге "Google салығын" төледі Фото ©REUTERS

Қазақстандағы шетелдік компаниялар "Google салығы" бойынша Қазақстан бюджетіне 3 миллиард теңге төледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы шетелдік компаниялар "Google салығы" бойынша Қазақстан бюджетіне 3 миллиард теңге төледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) ҚҚС ("Google салығы") төлеуі тиіс.

"Бұл салық жаңалық емес, ол әлемнің көптеген елінде қолданылады, мысалы Францияда - 2017 жылдан, Ұлыбританияда - 2020 жылдан, Италияда - 2021 жылдан, Түркияда 2020 жылдан бастап. Бұл салықты ТМД елдерінде де, Ресейде - 2017 жылдан, Беларусьте - 2018 жылдан, Өзбекстанда 2021 жылдан бастап қолданады. (...)

Біздің азаматтар бұл салықты төлемейді. Салықты шетелдік интернет-компаниялар төлейді", - деді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Салықты тұрақты төлемейтіндерге қатысты мынадай шаралар қолданылады:

  • салықтан жалтарған шетелдік интернет-компаниялар атауын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
  • салықты тұрақты төлемейтіндер туралы шетелдік салық басқармасына хат жолдау;
  • салықтан жалтару әрекеті жалғасса компания ресурстарына қолжеткізуді шектеуге немесе толығымен тыйым салынуы мүмкін.

"2022 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан бюджетіне "Google-ға салық" түрінде барлығы 3 миллиард теңге түсті", - деп толықтырды МКД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети