Шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алуы үшін төлқұжат ұсынуы керек

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алуы үшін төлқұжат ұсынуы керек

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік төлқұжат (паспорт) - Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат ретінде және олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат ретінде танылған.

Бұл ретте өтініш берілген күнгі құжаттың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен асуға тиіс.

Тағы бір өзгеріс - өтініш берушінің соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың цифрлық көшірмесі емес, түпнұсқасын ұсынуы. Оны құзыретті органның уәкілетті қызметкері бекітуі және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландыруы қажет.

"Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздемейді. Жоба теріс әлеуметтік-құқықтық салдарларға әкеп соқпауды көздейді", - делінген түзетулер жобасына түсіндірме жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +21
Ақтау +26
Ақтөбе +22
Атырау +25
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +21
П
Павлодар +23
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +24
Тараз +29
Түркістан +17
О
Орал +17
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер