Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға заңсыз рұқсат рәсімдеген күдіктілер әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға заңсыз рұқсат рәсімдеген күдіктілер әшкере болды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.

"Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети