Шетелдіктерге Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктерге Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейрезиденттер ағымына байланысты шетелдік азаматтарға Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейрезиденттер ағымына байланысты шетелдік азаматтарға Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында 23 қарашада "Шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекіту туралы" қалалық мәслихат шешімінің жобасы пайда болды.

"Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесі бекітілді – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұру құнының 5 пайызы.

Бұл мөлшерлеме 2021 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы ресми статистикалық мәліметтер негізінде бекітілген. Орналастыру орындарында шетелдік туристер санының 204,3 пайызға артуы байқалды, бұл "Шетелдіктер үшін туристік алымды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысының 8-тармағына сәйкес, тұру құнының 5 пайызы мөлшерінде туристік салық мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік береді", - делінген жобада.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты қаржылық шығындар қарастырылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети