Шетелдіктің 40 мың теңгесін қағып алған такси жүргізушісі ақшаны қайтарып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізгені үшін одан 40 мың теңгесін қағып алған такси жүргізушісі ақшаны қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізгені үшін одан 40 мың теңгесін қағып алған такси жүргізушісі ақшаны қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер Венгрияның 40 жастағы азаматын әуежайдан қалаға жеткізіп, 40 мың теңге алып кеткен астаналық такси жүргізушісі келтірілген залал мөлшерін толығымен өтегенін хабарлады.

"Шетелдік азамат қонақүйге келген кезде ресепшннен такси құны қанша тұратынын сұраған, сол жерде ол таксиге көп ақша беріп қойғанын түсінген. Осыдан кейін ол полицияға барып шағымданған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен еді. 6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. "Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", - дейді елордалық ІІД өкілдері. 

Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro