Шетелге оқуға кететіндер саны едәуір азайды - білім министрі

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелге оқуға кететіндер саны едәуір азайды - білім министрі Фото:elements.envato.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шетелге оқуға кететін балалар саны бірнеше есе азайғанын айтты. Ол қазақстандық білім бәсекеге қабілетті бола түскенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шетелге оқуға кететін балалар саны бірнеше есе азайғанын айтты. Ол қазақстандық білім бәсекеге қабілетті бола түскенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде шетелге кететін балалар саны айтарлықтай азайды. Мұны бірқатар өңірлерден байқап отырмыз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бүгінде Қазақстанда білім беру сапасы бәсекеге қабілетті", - деді Аймағамбетов Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде өткен соңғы қоңыраудан кейін.

Министр қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік стандарт бойынша білім беруге қабілетті екенін айтты.

"Қазақстандық 16 ЖОО әлемнің 1000 үздік ЖОО қатарына кірді. Мысалы, ТМД елдерін қарасақ, тек екі жоғары оқу орны топ-200 тізіміне кіреді. Бұл Ресейдегі бір жоғары оқу орны және Қазақстандағы бір жоғары оқу орны. Яғни бөлінген гранттар саны мен деректер отандық білім беру сапасының бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі өкілі алғашқы және соңғы қоңырау қарсаңында "мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма" деген сұраққа жауап берген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети