Шетелге шығуға шектеу: ІІМ хабарламаға жауап берді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр. ІІМ ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Instagram қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, "Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар", - делінген ведомство жауабында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама