Шетпеде мектеп оқушыларының төбелесі видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте мектеп оқушыларының төбелесіп жатқан видеосы тарады. Кейін оқиға Маңғыстау облысы Шетпе ауылында болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте мектеп оқушыларының төбелесіп жатқан видеосы тарады. Кейін оқиға Маңғыстау облысы Шетпе ауылында болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кадрларда оқиға түнде болғаны оған жиырмаға жуық жасөспірім қатысқаны көрінеді. Сондай-ақ, төбелеске қатысушылар бір-біріне тасқа ұқсайтын заттар лақтырады.

"Видео 8 қазан сағат 22:00 шамасында Шетпе ауылындағы вокзал маңында түсірілген. 16-17 жас аралығындағы 18 жасөспірім анықталды, олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді", - деді Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуы") бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция бұл дерекке қатысты шағымдар мен мәлімдемелер болмағанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети