Қазақстан полициясы алатаяқтар орнына басқа құрал пайдалануды қарастырып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ редакцияның сауалына қайтарған жауабынан белгілі болды.
Қазақстан полициясы алатаяқтар орнына басқа құрал пайдалануды қарастырып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ редакцияның сауалына қайтарған жауабынан белгілі болды.
"Алатаяқ орнына қандайда бір басқа құрал пайдалану мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді Қазақстаннның Ішкі істер министрлігі.
2017 жылдың басынан көліктердің полицейлерді қағып кету оқиғасы болмағанын атап өтті министрлік өкілдері.
Ішкі істер департаменттері ұсынған ақпарат бойынша, 2016 жылы алатаяқтар сатып алынбаған. Дегенмен, бөлімшелерде 2016 жылдан бұрын сатып алынған алатаяқтар бар екен.